
Құрметті сайт пайдаланушылары!
Сіздермен «Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ ресми сайтында жүздескеніме қуаныштымын! Заманауи Қазақстанда әлемдік білім кеңістігіне бағытталған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Бұл үдеріс педагогикалық теория мен тәжірибедегі келелі өзгерістермен қошталып отыр. Бүгінгі күні Атбасар ауданының педагогтары қарқынды дамып жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өз мүддесімен қатар қоғам мүддесін де өзектендіруге дайын білімді, шығармашыл, құзыретті, әрі бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру және дамыту бағытында жұмыс жасауда. Біздің интернет-ресурсымызда Сіздер ауданның білім беру жүйесінің жаңа басымдық бағыттары мен жетістіктерін біліп, жаңалықтармен танысып,конкурстар, конференциялар және басқа да шаралар туралы толық ақпаратттар аласыздар.
Құрметпен: «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Наймушина Наталья Георгиевна.
22.01.2026
«Қазіргі әлемдегі білім беру мен тәрбие» тақырыбында тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарларына арналған аудандық интенсив
22 қаңтар күні Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Қазіргі әлемдегі білім беру мен тәрбие» тақырыбында тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарларына арналған...
22.01.2026
Білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырмасын өткізу туралы конкурс
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.
«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен...
19.01.2026
Қазақстан тарихынан ашық сабақ
Тарих апталығы аясында Атбасар қаласындағы №3 орта мектепте 10 «Б» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Түрік империясы – көшпелілер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Түрік империясының мұрагерлері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты:...
16.01.2026
18 жастан 30 жасқа дейінгі жастар арасындағы ағылшын тілі байқауы
18–30 жас аралығындағы жастар арасында ағылшын тілі бойынша байқау өткізу
Ағылшын тілін насихаттау, коммуникативтік дағдыларды, шығармашылық әлеуетті дамыту және жастардың шет тілдерін оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында 16 қаңтар күні жастар арасында ағылшын...
16.01.2026
Қалалық мектептердің оқу ісі жөніндегі орынбасарларының «Алтын белгі» белгісіне үміткерлерді қарау жөніндегі отырысы
"Алтын белгі"белгісін алуға үміткерлердің құжаттарын қарауға арналған қалалық мектеп меңгерушілерінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында ұсынылған материалдар мұқият талданып, құжаттардың белгіленген талаптар мен нормативтерге сәйкестігі тексерілді....
14.01.2026
Атбасар қаласының оқушыларының «Балдаурен» оқу-сауықтыру ауысымына қатысуы
2026 жылдың 8–27 қаңтар аралығында Атбасар қаласының №1 және №7 жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары Қонаев қаласындағы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ұйымдастырылған оқу-сауықтыру ауысымына қатысуда. Бұл бағдарлама білім беру...
14.01.2026
Тіл және тарих мұғалімдерінің әдістемелік материалдарын қарастыру
2026 жылғы 14 қаңтарда Атбасар ауданы бойынша АӘК меңгерушісі Нұрмағамбетова Қ.К., тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскер Жанахметова Д.Т. және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы әдіскер Абикенова А.М. құрамындағы комиссия қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндері мен «Тарих» пәні...
14.01.2026
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру құжаттамасына жүргізілген жоспарлы мониторинг
2026 жылғы 14 Қаңтарда мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің әдіскері И.В Семенча мектеп және мектепке дейінгі құжаттамаға жоспарлы мониторинг жүргізді.
Кездесу барысында әдіскер күнтізбелік-тақырыптық және сабақты жоспарлауды, сондай-ақ оқу...
09.01.2026
«Жұлдыз» лагерінде демалып, дамиды
9 января 2026 года 19 учащихся Атбасарского района отправились в лагерь «Жұлдыз», где проведут всю третью четверть. Их ждут увлекательные занятия, развивающие проекты, мастер-классы и спортивные соревнования, которые помогают детям раскрывать свои таланты и укреплять...
09.01.2026
Атбасар ауданының мектеп оқушыларының олимпиадалық жетістіктері
2026 жылғы 5–9 қаңтар аралығында Көкшетау қаласында 9 және 11-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиадада Атбасар ауданынан ауданның 6 жалпы білім беретін мектебінен 11 оқушы қатысты. Сайыстың...