Бүгін 18 қыркүйекте Атбасар ауданының №4 мектебінде «Рухани жаңғыру » бағдарламасының аясында ұлты қазақ емес 14 жас аралығыңдағы оқушылар арасында мемлекеттік тілді меңгеруге арналған байқау өтті.Байқау сағат 10:00-де басталды.Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г. оқушыларға сәттілік тілеп,құттықтау сөз айтты.Мектеп директоры Үндібай М.Қ. қатысушылар мен оқушыларды жылы лебізбен қарсы алды.Әділқазылар алқасында: педагогика ғылым ардагерлері Бибіғайша Досмугамбетова,Сауытбекова Роза Какимовна, еңбек ардагері Шайхин Серік Заманұлы , білім бөлімі методикалық кабинетінің меңгерушісі Серкебаева Замира Талгатовна ,білім бөлімі тілдер бөлімінің әдіскері Жандос Жибек болды.Байқауға ауданнан 14 мектеп қатысты.Сайыс «Сәлем берем,сәлем беру салтымыз» , «Ойдың көркі тіл» , «Сөз мәйегі» , «Ұшқыр қалам» деген кезеңдерден тұрды.Оқушылар сайысқа жақсы дайындалыпты,бірақ қобалжу байқалды. Бес сағатқа созылған сайыстың қорытындысы бойынша:1 орынды №3 орта мектептің 8 «К» сынып оқушысы Проказньев Артем,2 орын №4 мектептің 9 сынып оқушысы Люльчак Софья және №1 мектептің 8 «А» сыныбының оқушысы Гарифуллина Карина ,3 орынды 3 қатысушы: №5 мектептің 9 «А» сынып оқушысы Деревянкова Марина, Шуйский орта мектебінің 8сынып оқушысы Сахнова Вероника алды.Қатысушыларға білім бөлімінің грамотасын және сыйлық ретінде кітап берілді.