Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және білім алушының жеке өтініші не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші, сондай-ақ негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының негізінде жүзеге асырылады.
Өтініштер күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін қабылданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
- порталға Ақмола KZ арқылы :
1) "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.
- көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде):
1) "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2) жеке басын растайтын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;
3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
4) баланың 3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосуретi.
Тиiстi мемлекеттiк органдар шектеу iс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгiзілген, белгiлi бiр аумақта әлеуметтiк, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда шектеу шараларын алып тастау, төтенше жағдайды тоқтату шаралары қабылданға дейін № 065/у және № 052-2/у нысанындағы медициналық анықтамаларды осы аумақтағы көрсетілетін қызметті алушылар тікелей білім беру ұйымына қажеттілігіне қарай береді.