Облыстық жарыстарды өткізу аясында ұлттық мектеп лигасының бағдарламасында 2024 жылғы 15 қарашада Атбасар қ. № 8 жалпы білім беретін мектебі мен «Олимп» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында Атбасар ауданының 9-11 сынып оқушылары арасында үстел теннисінен аудандық жарыстар өтті. Жарысқа ауданның 12 мектебінен 36 оқушы қатысты. Аудандық жарыстың нәтижесі бойынша командалық біріншілікте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
I орын - Атбасар қ. № 2 жалпы білім беретін мектеп;
II орын - Атбасар қ. № 7 жалпы білім беретін мектеп;
III орын - Шуйский а. жалпы білім беретін мектеп;
Аудандық жарыстарды өткізу шеңберінде Ұлттық Мектеп лигасының бағдарламасында 2024 жылғы 15 қарашада Атбасар қ. №3 жалпы білім беретін мектебінің базасында Атбасар ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларынан қыздар мен ұлдар арасында шахматтан аудандық жарыстар өтті. Жарысқа ауданның 9 мектебінен 36 оқушы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
I орын-Атбасар қ. №8 жалпы білім беретін мектеп;
II орын-Атбасар қ. №7 жалпы білім беретін мектеп;
III орын-Атбасар қ. №2 жалпы білім беретін мектеп;