«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

20 ҚАРАША - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАЛАЛАР КҮНІ: БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӨМІР ".

20.11.2024
20 қарашада әлем бойынша Балалар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялады. Мақсаты балалардың құқықтарын қорғау және оларға қатысты достық ортаны дамыту болды. Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды мүшесі бола отырып, Дүниежүзілік балалар күнін де атап өтеді. Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны 1994 жылы ратификациялады. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясының қабылдануының 35 жылдығын, Қазақстан Республикасы ратификациялауының 30 жылдығын және Дүниежүзілік бала күнінің 70 жылдығын мерекелеу шеңберінде білім беру ұйымдарында аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар іс-шаралар өткізді.
Білім беру мекемелерінде БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясының қабылдануының 35 жылдығын, Қазақстан Республикасы ратификациялауының 30 жылдығын мерекелеу бойынша «Қауіпсіз балалық шақ» ақпараттық-түсіндіру компаниясы және Дүниежүзілік балалар күні жариялануының 70 жылдығы (20 қараша), «Мен және менің құқықтарым» тақырыптық сынып сағаттары, ата-аналар қоғамымен жұмыс: «Ата-аналардың эмоционалдық күйзелісі: оны қалай болдырмау және еңсеру керек» атты ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сессиясы, Балалар құқықтары мәселелері бойынша сыныптағы ата-аналар жиналысы, жоғары сынып оқушылары арасындағы пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.
«СППС жалпы білім беру ортасында ЕҚБ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында ауданның педагог-психологтарымен коучинг өткізілді.
Атбасар қ. № 1,2,5,8 жалпы білім беретін мектептер базасында инклюзивті білім беруді қолдаудың ресурстық кабинеттерінің ашылуы маңызды оқиға болды. Аудандық БАҚ-та «Балалармен қатыгез қарым-қатынас», «Балаға арналған отбасы» атты қамқорлықтағы балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен жұмыс туралы мақалалар, «Қауіпсізбалалық шақ» мақаласы педагог-психологтардың отбасындағы зорлық-зомбылықтың,қорқытудың және қатыгездіктің алдын алу және өзгерту жөніндегі жұмысы туралы мақалалар жарияланды.
 
 
Просмотров: 156


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст