«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тимашевка ауылының педагогикалық ұжымымен кездесу

28.11.2024
Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің қызметкерлері басшы Н. Наймушина бастаған Тимашевка ауылындағы жалпы білім беретін мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуге орталықтандырылған бухгалтерияның бас бухгалтері Г.Қайыржанова, бухгалтер А. Байгабулова және кәсіподақ филиалының төрағасы Р. Едрисова қатысты. Мектептің педагог қызметкерлерімен кездесу барысында білім беру саласын дамыту, еңбек заңнамасын сақтау және еңбекті қорғау мәселелері талқыланды. Н. Наймушина МЖМБС-да, педагогтарды аттестаттауда маңызды өзгерістер енгізді. Еңбек тәртібі ережелерін, педагогтердің, техникалық персоналдың, от жағушылардың еңбекақы төлеу нормаларын сақтау, оқу орындарының барлық қызметкерлеріне тегін медициналық тексеру жүргізу мәселелері қозғалды. Сондай-ақ, техникалық персоналмен және от жағушылармен өткізілді. Г. Қайыржанова мен А. Байғабылова жеке қабылдауда олардың еңбегіне ақы төлеу нормалары бойынша түсіндірме жүргізді. От жағушылар жұмысын тәулік бойы ұстап тұру қажеттілігіне байланысты ауысыммен жұмыс істейді (күндізгі және түнгі ауысымдар). ҚР ЕК 83-бабының негізінде жұмыскердің жұмыстың аяқталуы мен оның басталуы арасындағы күнделікті демалысының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауы тиіс. Еңбек ұжымдарымен мұндай кездесулер еңбек қызметінің өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі.
 
Просмотров: 77


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст