2024 жылғы 28 қарашада «Атбасар қаласының 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 7 «В» сыныбында оқытушы Д. А. Тулеубаева химия пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар». Сабақ барысында оқушылар топтық және жеке жұмыс орындады. LearningApps және Wordwall сияқты заманауи цифрлық платформаларды пайдалану сабақты қызықты әрі танымды етті. Сабақтың соңында жүргізілген ойын формасындағы тестілеу материалды игеру деңгейін бағалауға мүмкіндік берді. Рефлексия үшін TikTok әдісі қолданылды, стикерлердің көмегімен оқушылар сабақ туралы өз әсерлерімен бөлісті.