02.12.2024
2024 жылғы 2 желтоқсанда Атбасар қаласының № 5 жалпы білім беретін мектебінде Атбасар, Астрахан, Егіндікөл және Сандықтау аудандарының директорлары, нысаналы мектептерінің меңгерушілері үшін облыстық семинар өтті. «Нысаналы мектептер» жобасы-бұл мектептердегі білім деңгейін арттыруға және барлық оқушылар үшін сапалы оқытуға тең қол жеткізуге жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз етудің негізгі шарты мұғалімдердің кәсіби деңгейіне байланысты.