«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазіргі заманның үздік педагогы-2024»

19.12.2024
2024 жылғы 17 желтоқсанда Астана қаласында Назарбаев Университетінің базасында инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Қазіргі заманның үздік педагогы-2024» республикалық конкурсының тиімді инклюзивті білім беру практикасын қолдану саласындағы марапаттау рәсімі өтті.
Байқауды ұйымдастырушылар – «Glover Foundation» қоғамдық қоры. Конкурстың мақсаты өз қызметін инклюзивті білім беру ортасында жүзеге асыратын мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің озық тәжірибесі мен үздік педагогикалық тәжірибелерін тарату болды.
Іс - шарада ЮНИСЕФ ҚАЗАҚСТАН инклюзивті білім беру жобасының үйлестірушісі Дамир Қожанбаев құттықтау сөз сөйледі. Бұл байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген педагогтар қатысты.
Атбасар ауданынан Атбасар қаласының №3 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Асаинова Сәуле Есенкелдіқызы қатысты, оған инклюзивті орта құру үшін ЕБҚ бар балалармен жұмыс тәжірибесі ұсынылды.
Салтанатты және мерекелік жағдайда осы байқаудың барлық қатысушылары сертификаттар алды.
«Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ №3 ЖОББМ педагогы С.Е.Асаиноваға конкурсқа белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіреді.
Алдағы уақытта табыстар және жеткен жетістіктерге тоқтап қалмауды тілейміз!
 
Просмотров: 99


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст