06.01.2025
Атбасар қаласының №1,2,3,7 жалпы білім беретін мектептерінің базасында 6 қаңтарда "Цифрлық платформалар-педагогтерге көмек көрсету" тақырыбы бойынша оқыту семинары өткізілді. Семинар тренерлері Е.Герасимова, Л. Мамыкина, А. Сейтханұлы, М. Шульгина, А.Бекишев, Ұ.Идрисова семинардың кеңейтілген бағдарламасын, сабақтарды автоматтандырудың практикалық құралдарын, визуалды контенттің онлайн-редакторларын, интерактивті тапсырма жасау үшін онлайн-сервистерді дайындады. Семинарға ауданның жүзден астам педагогы қатысты. Семинарға қатысушылар жасанды интеллект платформаларының мүмкіндіктерімен, олардың функционалдылығымен, білім беру процесінде қолданудың артықшылықтары мен әдістерімен танысты. Жасанды интеллект бойынша оқытуды ұйымдастыру мұғалімдердің дағдыларын дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Жасанды интеллект оқу процесін өзгертуге, оқу сапасын жақсартуға және оқушыларды болашақ қиындықтарға дайындауға кең әлеуетке ие.