09.01.2025
9 қаңтарда "Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжі" МКҚК-да жұмысшы мамандықтар жылының аясында индустриялық кеңестің отырысы өтті. Атбасар ауданының білім бөлімінен кеңеске әдістемелік кабинет меңгерушісі К.К. Нұрмағамбетова қатысты. колледж әкімшілігі, оқытушылары мен студенттері қызықты шеберлік сыныптарын, мазмұнды экскурсиялар, шығармашылық көрме дайындады. Отырыс барысында колледждің әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастығы туралы меморандумдарға қол қойылып, индустриялық кеңестің төрағасы сайланды. Білім бөлімі директор Әскербек Жамантайұлы Төлебаевқа және колледж ұжымына ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді.