11.04.2025
10 сәуірде білім бөлімінің бас маманы Г.Т.Абдрахманова, Атбасар қаласының №8 ЖББМ директоры Р.Н.Смагулова, №8 ЖББМ мұғалімдері Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің базасында өткен «Жаңа кұрал-жабдық - жаңа деңгей": ауыл тірек мектептеріндегі өзгерістер» атты облыстық семинарға қатысты. «Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры» қоғамдық қоры қайта жабдықталған мектепті ұсынды. Семинарға қатысушылар жаңартылған кабинеттерді көріп, заманауи жабдықтармен танысты. Семинар барысында тірек мектептерді жаңа заманауи техникамен жабдықтау, оқу процесінің сапасын және мұғалімдердің кәсібилігін арттыру мәселелері айтылды.