18.04.2025
2025 жылғы 17 сәуірде Көкшетау қаласында педагог-психологтардың «Білім берудегі психологиялық қызметтің даму сатылары мен болжамдары. Заманымыздың өзекті мәселелері» тақырыбына тұңғыш өңірлік форумы өтті.
Атбасар ауданынан форумға делегация құрамында Ново-Мариновка ауылының ЖОББМ» КММ Стрелкова Лидия Владимировна «Педагог – психологтардың шығармашылық зертханасы» атты көрмеге қатысты; «Борисовка ауылының ЖОББМ» КММ-нен Поляковская Елена Ивановна 9-сынып оқушылары Рымхан Дариға және Миллер Аннамен бірлесіп «Болашақты бірге жасаймыз» зерттеу жобасын ұсынды; «Бастау ауылының №1 ЖОББМ» КММ-нен Громова Наталья Владимировна «Қазіргі жағдайдағы педагог – психологтың, әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметі: өзара әрекеттесудің теориясы мен іс-тәжірибесі» форсайт-сессиясына қатысты; «А.Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры Қостыбаева Динара Берікболқызы пленарлық бөлімге қатысты. Форум жүру барысында «Басқару және ғылыми практикалардың заманауи мәселелері және оларды психологиялық қызметтердің жұмысында қолдану», «Психологтарға арналған психиатрия: шекаралар, ынтымақтастық, практикалық қолдану», «Қазіргі жағдайдағы педагог – психологтың, әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметі: өзара әрекеттесудің теориясы мен іс-тәжірибесі» тақырыптары бойынша форсайт-сессиялардың жұмысы ұйымдастырылды, «Педагог – психологтың жеке өсуі және кәсіби дамуы», «Дене терапиясы, ойын және шығармашылық арқылы психологиялық көмек: жаңа әдістер мен тәжірибелер». Пленарлық бөлімде кәмелетке толмағандарға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері, суицидтік мінез-құлыққа көмек алгоритмдері және басқалар талқыланды. Форум соңында марапаттау рәсімі өтті.
