Баланың (балалардың) басқа ата-анамен қарым-қатынасына кедергі келтіретін ата-ана айыппұл төлейді.
Мәселен, Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2020 жылдың жазында талапкер Р (баланың әкесі) П жауапкерге (баланың анасы) әкесінің ұлымен қарым-қатынас тәртібін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.
Сот шешім шығарды.
Әкесі баласын демалыс кезінде, күзде, қыста, көктемде және жазда бес күннен, көретіні белгіленді.
Сот актісіне қарамастан, баланың анасы баланың өзі қаламайтынын айтып, әкесінің ұлымен кездесуіне кедергі келтіреді.
Сот шешімін орындау мақсатында, баланың әкесі жеке сот орындаушысына атқару құжатын жолдаған.
Сот орындаушысы екі ай бойы баланың анасымен құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізді, сот шешімінің орындалуы туралы ескертулер мен хабарламалар берді, балаға психолог жіберілді, ол баланың әкесін көргісі келетінін және кездесуді күтетінін көрсетті.
Сот актісінің орындалмауына байланысты сот орындаушысы Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына анасынан мемлекет кірісіне айыппұл өндіріп алу туралы ұсыныспен жүгінді.
Соттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы ұйғарымымен анасына 25 мың теңгеден астам айыппұл төлеу міндеті жүктелді және сот шешімін орындау қажеттігі және де әкесіне баламен кездесіп көруге мүмкіндік беру туралы түсіндірілді.
Егер ата-ана бірі екіншісіне кедергілер келтіретін болса, мұндай айыппұл әр уақытта салынуы мүмкін.
Құрметті ата-аналар, егер Сіз өзіңіздің жұбыңызбен бірге өмір сүре алмасаңыз, онда балаларыңызға игі ниетпен қолдау көрсетіңіз. Өйткені, олар Сіздерді бірдей жақсы көреді және сіз ойлағаннан гөрі әлдеқайда жиі кездесіп көргісі келеді. Істі сотқа жеткізбеңіз, қарапайым мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысыңыз.
Ақмола облысының
кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының судьясы Жарылғасов Б.Д.