«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Басқару бөлімі

25.04.2025
2025 жылғы 25 сәуірде Мариновка ауылындағы № 2 ЖОББМ базасында «Инновациялық қызмет және педагогтардың кәсіби және жеке қасиеттерін дамытудың маңызды шарты ретінде білім беру сапасын арттыру» тақырыбында басшы кадрлар секциясы өтті. Іс-шара басында мектеп директорлары мектеп жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайында болды, онда тарихтың батырлық беттері мен педагогикалық ұжымның жетістіктеріне арналған экспозиция ұсынылды.
Оқу блогы аясында өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті:
• директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әміренова А.К.,
• педагог-модератор, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әубәкірова Л.К.,
• педагог-зерттеуші, бастауыш сынып мұғалімі Сағидолда С.,
• педагог-сарапшы, математика пәнінің мұғалімі П.Ердауке,
• педагог-сарапшы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тонтакаева К.К.,
• педагог-зерттеуші, география пәнінің мұғалімі Бапишева А.А.
«Инновациялық әдістер және жасанды интеллект: білім беру жүйесін жаңғыртудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында шеберлік сыныбын информатика пәнінің мұғалімі Оразбек Ұ.С. және зерттеуші педагог, ағылшын тілі мұғалімі Жаңбыр А.Ж. өткізді.
Әскери-патриоттық тәрбие аясында АӘжТД мұғалімі Ж.А. Әміренов Ж.А. 9-11 сынып оқушылары арасында «Жас Ұлан» клубының қатысушылары үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Бүгінгі оқушы - ертеңгі Отан қорғаушы» атты жарыс өткізді. Әдістемелік блокта мектеп директоры, педагог-сарапшы К.К.Берден «Оқытуда инновациялық әдістерді қолдану - педагогтардың ынтасын арттыру жолы» тақырыбында коучинг-сессия өткізді, ал директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Төлегенова Г.К. Жеңіс күніне арналған «Отты күндер ер есінде, Жеңіс күні ел есінде» сыныптан тыс іс-шара өткізді. Білім бөлімі Мариновка а. № 2 ЖОББМ әкімшілігіне (директор Берден К.К.) басшы кадрлар секциясын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыс білдіреді.
 
Просмотров: 22


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст