30.04.2025
29 сәуір күні № 4 ЖББОМ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5,6,7,8,10 сынып оқушылары арасында ауысу емтихандарына дайындық аясында Атбасар ауданының мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің жұмыс отырысы өтті.Кездесудің мақсаты-емтихан материалдарын жасау тәсілдерін келісу, білім алушылардың білімін бағалаудың бірыңғай талаптары мен объективтілігін қамтамасыз ету.
Отырысты білім бөлімінің әдістемелік кабинеті ұйымдастырды. Талқылау барысында емтихан тапсырмаларының құрылымына қойылатын негізгі қағидаттар мен талаптар, және бағалау критерийлері қаралды. Емтихан тапсырмаларын аудандық шығармашылық топ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қарастырып , бекітті.
Баршаңызға сәттілік !!