13.05.2025
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы:Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары.Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:
egov.kz «Электронды үкімет» порталы;
«Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы» ақпараттандыру нысаны.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: бір жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық (ішінара автоматтандырылған). ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері: Жеке тұлғаларға тегін. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: 1) өтініш;
2) білім туралы диплом (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
4) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмағанжағдайда);
5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;
6) берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін);
7) кәсіби жетістіктерді және тәжірибені жинақтауды (таратуды) растайтын құжаттар;

білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар.
9) Эссе (250–300 сөз).
Жеке басын куәландыратын құжаттар, білімі және еңбек қызметі туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен электрондық үкімет шлюзі арқылы алынады.
«Педагог-модератор», «педагог-сарапшы» біліктілік санаттарына аттестатталушылардың 3), 5), 6), 7),

тармақтарда көрсетілген құжаттары Платформада жинақталады.