«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Патронаттық ата - аналар мен олардың балаларына арналған команда құру

16.05.2025
2025 жылғы 16-18 мамыр аралығында «Demeu-Senim» қоры «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының жұмыс жоспарын орындау, AMANAT партиясының «Бақытты отбасы» жол картасының міндеттерін іске асыру шеңберінде және асырап алған және патронат отбасыларға қолдау көрсету, сондай-ақ отбасы институтын нығайту мақсатында Сандықтау ауылындағы «Жас Дәурен» балалар сауықтыру лагері аумағында асырап алған ата-аналар мен олардың балалары үшін тимбилдинг өткізеді. Атбасар ауданынан бұл іс-шараға Рахимова Илигай Қалелқызы қамқоршысы Қалменбай Жаңазармен, Радионова Вера Владимировна қамқоршысы Казаков Богданмен қатысады. Аталған іс-шараның мақсаты: баланы қабылдайтын ата-аналар арасындағы көлденең байланыстарды нығайту, қоғамдастық пен командалық қолдау сезімін дамыту, биологиялық ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың тәжірибе алмасу және эмоционалдық тұрақтылығын арттыру; асырап алынған отбасыларда байланыстың қалыптасуын қолдау; балалар мен ата-аналардың эмоциялық қалпына келуі; қауіпсіз қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту; жыныстық тәрбие саласында ағарту: өзіңді құрметтеу, жеке шекаралар, зорлық-зомбылықтың алдын алу, көшбасшылық қасиеттер болып табылады. Тимбилдинг кезеңінде топтық тренингтер, практикалық сессиялар, дөңгелек үстелдер, рөлдік ойындар, шығармашылық шеберханалар және ата-аналардың тұлғалық әлеуетін ашуға бағытталған кешкі іс-шаралар өткізіледі.
 
Просмотров: 24


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст