2025 жылғы 16 мамырда Шуйск ауылының ЖОББМ Атбасар ауданының білім беру мекемелерінің басшыларымен, әдіскерлермен және н аудандық білім бөлімінің мамандарымебілім бөлімі кеңесінің отырысы өтті. Кеңес басталар алдында мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтарды мектеп директоры Садвакасова Т.И. қарсы алып, білім ордасы, оқушылардың жетістіктері, ұжым туралы айтып берді. Оқушылар мен мұғалімдердің күшімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
«Оқушылардың азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардан қорғану жұмыстарының ұйымдастырылуы және конституциялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі» (Чарушин Д.Ю.);
«Білім беру ұйымдарында ата-аналар қоғамымен жұмыс жүргізу жағдайы» (Қадырова М.А.);
«Білім беру ұйымдарында педагогикалық этика кеңестерінің жұмысы» (Данченко В.В.);
«Оқытудың барысында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі» (Мотузкова О.С.);
«Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы мен жыныстық еркіндігіне қарсы қылмыстардың алдын алу» (Қадырова М.А.);
«Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру» (Қадырова М.А.);
«Білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағдар жұмыстарының қорытындылары» (Шаймерденова М.А.);«№5 ОМ, Полтавка ауылының ОМ, Шуйск ауылының ОМ-да география, химия және биология пәндерінің оқытылуы» (Жайлубаева Д.К.);
«№4 ОМ, Сочинское ауылының ОМ, А.Құрманов атындағы мектепте ағылшын тілінің оқытылуы» (Абикенова А.М.).
Бөлім басшысы Н.Г. Наймушина балалардың қауіпсіздігі, ақша жинауға тыйым салу, бірінші сыныпқа қабылдау мен тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет, оқу жылының аяқталуы, қорытынды аттестаттауға дайындық, емтиханнан босатылу, мұғалімдердің аттестациясы, ҰБТ тапсыру, аптасына 4 сағаттық IT үйірмесін енгізу, 15-16 мамырда 6 мақсатты мектепте өткізілген білім сапасын тексеру, «Қазақстан халқына» қоры, Бастау ауылындағы №1 ОМ-ның 50 жылдық мерейтойы мен 2025 жылғы 17 мамырда өтетін мұғалімдер спартакиадасы туралы мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, шлак шығару, жаңа жылыту маусымына қазандықтардың дайындығы, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының ұйымдастырылуы сынды басқа да мәселелер қаралды.
Кеңес аяқталғаннан кейін ТОО «Шуйское ХХІ» басшысы Құрманқұлов А.Б.-ның қолдауымен ашылған «Жеңіс» саябағына экскурсия ұйымдастырылды. Ерекше назарды оқушылар мен мұғалімдер ұйымдастырған мектеп жәрмеңкесі өзіне аударды. Жәрмеңкеде қолөнер бұйымдары, үйде пісірілген тәттілер, сүт өнімдері мен жартылай дайын өнімдер ұсынылды.
Білім бөлімі мектеп директоры Садвакасова Т.И.-ға және мектеп ұжымына жоғары деңгейде ұйымдастыру, жылы қабылдау мен кәсіби көзқарастары үшін шынайы алғысын білдіреді.