19.05.2025
2025 жылғы 19 мамырда Борисовка ауылы мектебінің базасында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының (АПҚКО) төртінші сессиясы өтті. Сессия тақырыбы: «Отбасылық үйлесімділіктің кілті — сенімді қарым-қатынас». Іс-шараға мектеп пен отбасы арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға мүдделі белсенді және бейжай қарамайтын ата-аналар жиналды.
Сессия жұмысына Атбасар ауданы ата-аналар қауымдастығының төрайымы Садвокасова Б.М. және аудандық білім бөлімінің әдіскері Қадырова М.А. қатысты. Сессия жылы әрі сенімді атмосферада өтті. Ауданның әртүрлі мектептеріндегі ата-аналар қауымдастықтары отбасы мен білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының сапасын арттыруға ұмтылып, бірікті.