«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қорғаншылық және қамқоршылық органдары қызметінің негіздері» республикалық семинар-тренингі

20.05.2025
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті алғашрет БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының қатысуымен Қазақстан Республикасында қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандарымен әдіскерлері үшін "Қорғаншылық және қамқоршылық органдары қызметінің негіздері" тақырыбында республикалық семинар–тренинг 3 мезгілде ұйымдастырды.
Семинар қатысушыларына Білім вице-министрі Оспан Еділ Сабырұлы, БҰҰ ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Балалар қорының өкілі доктор Рашед Мұстафа Сарвар, Астана қаласының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Бимендина Әсима Темкенқызы құттықтау сөз сөйледі. Спикерлер ретінде Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Руслановна Овечкина, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті басқармасының басшысы Махаббат Ерболатқызы Бегалина, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті басқармасының бас сарапшысы Г.К. Төлегенова сөз сөйледі. Бүгінгі таңда балалардың құқықтарын қорғау жүйесіндегі қорғаншы және қамқоршы органдардың рөлі, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй мәселелері, балалардың мүдделерін қозғайтын сот істеріне дайындық, жетім балалардың, балалардың Республикалық банкін жүргізу туралы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, отбасы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы, қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, біріктірілген модель шеңберінде отбасын қолдау орталықтарының ведомствоаралық өзара іс-қимылы туралы және басқа да мәселелер туралыөзекті мәселелер қаралды. Семинарға қатысушыларға қамқоршы және қорғаншы органдарының қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
 
 
Просмотров: 18


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст