22.05.2025
2025 жылғы 22 мамырда сағат 12:00-де білім бөлімінде жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған ата-аналар қауымдастығымен тікелей эфир өтті. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарды жаз мезгілінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған профилактикалық шаралар туралы хабардар ету, сондай-ақ оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруда жауапкершілік көзқарасты қалыптастыру болды. Тікелей эфирге білім беру, медицина және құқық қорғау салаларының өкілдері, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен теміржол қауіпсіздігі саласының мамандары қатысты: Нұрмағамбетова Қымбат Қайыржанқызы, әдістемелік кабинет меңгерушісі – жазғы демалысты қауіпсіз ұйымдастырудың негізгі аспектілері мен балалар үшін қауіп-қатерлердің алдын алу шаралары туралы айтты. Қадырова Меруерт Әділбекқызы, тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскер – «Жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру» тақырыбында сөз сөйлеп, ата-аналарға оқушылар үшін белсенді және пайдалы демалыс түрлерін ұсынды. Жақсылықова Гүлзат Сабитқызы, Атбасар қалалық көпсалалы ауруханасының психологы – кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың алдын алудың маңыздылығына назар аударды. Нұркин Мейрам Мұратұлы, жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу шаралары туралы айтты. Габдуллин Алишер Маратович, Атбасар ауданының ТЖ бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты – өрт қауіпсіздігі мен балалардың терезеден құлауын алдын алу мәселелері бойынша баяндама жасады. Мусина Данай Ғазизқызы, инфекционист дәрігер – жаз мезгілінде балалар жарақаттарының алдын алу тақырыбын ашып, далада ойнау және демалыс кезінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берді. Жәкенов Серік Распекұлы, Атбасар темір жол дистанциясының бас инженері – темір жол маңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары мен электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы еске салды. Штефан Оксана Руслановна, Атбасар қаласындағы №3 орта мектептің педагог-психологы – ата-аналарға «пайдалы демалысты» ұйымдастыру бойынша ұсынымдар беріп, жазғы уақытта бала дамуы, отбасылық өзара әрекеттестік пен демалыстың маңыздылығын атап өтті. Садвакасова Баян Мыңжасарқызы, аудандық ата-аналар қауымдастығының төрайымы – «Ата-аналардың жауапкершілігі» тақырыбында сөз сөйлеп, ата-аналарды балалар тәрбиесіне белсенді қатысуға және олардың жазғы уақытта бос уақытын бақылауға шақырды.

