№2 жалпы білім беретін мектепте 5 сынып оқушыларын аралық аттестаттау өткізіледі. Бесінші сыныпта 161 оқушы оқиды. "№2 ЖББМ" КММ директорының 23.05.2025 жылғы № 75 бұйрығы негізінде 4 оқушы аралық аттестаттаудан босатылды (ДКК анықтамасы-2 оқушы, мүгедектік туралы анықтама-2 оқушы). Аралық аттестаттауға 5 сыныптың 157 оқушысы қатысады. 1 ағымда, сағат 9.00 - де емтиханды 5 А (21 оқушы), 5 Б (25 оқушы), 5В (23 оқушы), 5Д (21 оқушы), 5 Ж (22 оқушы) сынып оқушылары тапсырады. Емтихан Алушылар: 5 "А" Шаяхметова Ж.А., 5 "Б" Тюлюгунова Н.К., 5 "В" Молдыбаева А. А., 5 "Д" Жагипарова Г. А., 5 "Ж" Шамилова Ф. Н. 2 ағымда, сағат 14.00-де емтиханды 5Г (23 оқушы), 5е (22 оқушы) сыныптар тапсырады. Емтихан алушылар: 5" Г "Молдыбаева А. А., 5" Е " Шаяхметова Ж.А.