«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Олимпиадалық тапсырмалар мен логикалық міндеттерді шешу тәсілдерін талдау" атты аудандық оқыту семинары

30.05.2025
2025 жылғы 30 мамырда №1 жалпы білім беретін мектеп базасында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы әдістемелік орталықтың әдіскері Б. К. Ахметованың қатысуымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Олимпиадалық тапсырмалар мен логикалық міндеттерді шешу тәсілдерін талдау" атты аудандық оқыту семинары өтті.
Семинарға аудан мектептерінің 77 педагогы қатысты .
Семинар спикерлері Атбасар ауданының білім бөлімінің әдіскері Семенча И.В. және "№3 жалпы білім беретін мектеп " КММ директорының оқу работе жөніндегі орынбасары Торговкина Т.А. болды. Олар практикалық жұмыс барысында олимпиада тапсырмаларының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі талдап, оқушыларды даярлау бойынша әдістемелік тәсілдермен және практикалық ұсыныстармен бөлісті.
Семинар кәсіби қарым-қатынас пен бастауыш буын педагогтарының әдістемелік құзыреттілігін арттыру үшін пайдалы алаңға айналды. Қатысушылар ұсынылған материалдың жоғары практикалық құндылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
 
Просмотров: 51


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст