«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларды қорғау күні

01.06.2025
2025 жылғы 1 маусымда, Балаларды қорғау күніне орай Атбасар қаласының орталық алаңында балалық шаққа, жазға және мейірімге арналған жарқын да ұмытылмас Балалар шеруі өтті. Бұл салтанатты шара ауданның жас тұрғындарына, олардың ата-аналарына және қала қонақтарына нағыз сый болды. Құттықтау сөздерімен Атбасар ауданының әкімі Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы, сондай-ақ құрметті қонақтар – прокуратура, білім бөлімі және аудандық ата-аналар қауымдастығының өкілдері болды. Шара аясында 5 мамыр мен 2 маусым аралығында Атбасар аудандық прокуратурасы ұйымдастырған «Заңды білемін» атты құқықтық онлайн-челлендж жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Байқау қорытындысы бойынша:
• 3-орынды №1 мектеп иеленді
• 2-орын – №2 мектеп
• 1-орын және жеңімпаз атағы – №7 мектепке бұйырды
Челленджге қатысқан барлық оқушыларды лайықты нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз және жастар арасында құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз! Ресми бөлімнен кейін балалар үшін үлкен ойын-сауық бағдарламасы басталды. Сағат 12:00-де орталық алаңда ойын және шығармашылық алаңшалар жұмысын бастады. Балалар әуе жылан ұшыру, көпіршіктер шоуы, сайыстар, шеберлік сағаттары мен дәстүрлі қазақ ойындарына қуана қатысып, көңіл көтерді. Ең танымал алаңдар қатарында «Ойна-Қайна», «Балалық бекеттері», «Тик-ток трендтері», асфальтқа сурет салу байқауы және қыш шеберханасы болды. Мереке шаттыққа, мейірім мен жылылыққа толы атмосферада өтті. Балалардың бақытты күлкісі, шынайы қуанышы мен бағдарламаларға белсенді қатысуы мұндай іс-шаралардың қажет әрі маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Балаларды қорғау күні құтты болсын, ардақты балалар! Сіздердің балалық шақтарыңыз жарқын, қауіпсіз және бақытты болсын!
 
Просмотров: 91


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст