«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БКБ

03.06.2025

2025 жылғы 3 маусымда Атбасар ауданының білім беру бөлімінің басшысы Н.Наймушинаның басшылығымен аудандық мектеп директорлары мен мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінің қатысуымен БКБ өтті. Аттестат тапсыру күні түлектердің аудан сыртына шығуына тыйым салу туралы Атбасар ауданының ИПБ инспекторы, полиция аға лейтенанты Б.Рахымжанов ақпарат берді. Білім бөлімінің бас маманы Г.Т.Әбдірахманова монетизация бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мерзімдерін белгіледі. Материалдық-қаржылық көмекке мұқтаж бір ғана баланың назардан тыс қалмауына назар аударды. Жыл қорытындысы бойынша журналдарды толтыру, «Bilimclass» платформасында тоқсандық, дайын және қорытынды бағаларды қою, журналдарды басып шығару және ваучерлер жүйесі бойынша Білім бөлімінің әдіскері Д.К. Жайлубаева сөз сөйледі. Жылыту маусымына дайындық бойынша жұмыс жоспарымен білім бөлімінің шаруашылық меңгерушісі О.В. Гончарова таныстырды. Білім бөлімінің басшысы Наталья Георгиевна Наймушина басшыларға бос лауазымдар бойынша өтінімдерді уақытылы ұсыну, жыл қорытындысы бойынша мұғалімдерді, педагогтар мен тәрбиешілерді марапаттауға кандидатураларды ұсыну, Мемлекеттік рәміздер күніне орай іс-шаралар өткізу, 5 маусымда Үздік оқушылар слетін өткізу, мемлекеттік емтихандар кезіндегі бақылау бойынша тапсырмалар берді. Басшыларға тапсырмаларды орындау мерзімдері белгіленді.

 

Просмотров: 97


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст