2025 жылдың 3 маусымында Атбасар ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 10 - сынып оқушыларымен үш күндік оқу-далалық жиындар басталды. Жиындар Новосельское ауылындағы жалпы білім беретін мектеп базасында өтеді. Әскери-далалық жиындардың мақсаты бастапқы әскери дайындық және әскери-патриоттық тәрбие барысында алынған теориялық білім мен практикалық дағдыларды нығайту болып табылады. Мектеп оқушылары үшін жиі өткізілетін бұл жиындар әскери қызметке дайындалуға, патриоттық рухты қалыптастыруға және елді қорғауға физикалық дайындықты дамытуға көмектеседі. Жиын барысында: әскери қызметшілердің орналасуы мен тұрмысы, қарауылдық және ішкі қызметтерді ұйымдастыру, саптық, атыс, тактикалық, дене шынықтыру және әскери-медициналық даярлық элементтері, сондай-ақ әскерлерді радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мәселелері зерделенеді.