05.06.2025
2025 жылғы 5 маусымда Аудандық мәдениет үйінде Атбасар ауданы мектептерінің өміріндегі ең жарқын және маңызды оқиғалардың бірі – 17-ші аудандық озаттар слёті өтті. Бұл күні РДК сахнасы өз еңбегімен, біліммен және табандылығымен «озат» атағын алған ең дарынды, мақсаткер және табысты оқушыларды бір шаңырақ астына жинады. Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Өмірзақұлы Қуатбеков пен аудандық ата-аналар қауымдастығының төрайымы Баян Мыңжасарқызы Сәдуақасова құттықтау сөз сөйледі. Өз сөздерінде олар білімге және тұлғалық дамуға ұмтылатын жастар – өңіріміздің және тұтас елдің болашағының негізі екенін ерекше атап өтті. Мерекелік бағдарлама жарқын әрі әсерлі нөмірлерге толы болды: «Родничок», IQ орталығы, ArtSport ұжымдарының билері, №1, №2, №4, №5, №6 мектеп оқушыларының әндері, №8 мектептің ЖҚИ үгітбригадасының өнері, №1, №2 және №3 мектептерінің қатысушыларымен орындалған қорытынды би. Бағдарламада ерекше назар аударылған тарихи оқиғалар – ұлы жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл және Атбасар қаласының 180 жылдығы. Бұл айтулы даталар отаншылдық, тарихи жады және туған жерге деген сүйіспеншілік туралы еске салуға себеп болды. Мереке барысында жүргізушілер олимпиада, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары қатарында озаттар бар екенін атап өтті. Олар әртүрлі, бірақ барлығын біріктіретін ортақ қасиет – табысқа жетуге ұмтылыс пен өз ісіне деген сүйіспеншілік. Слёттің соңғы аккорды – озаттар әнұраны орындалып, ол білімнің күші, бірлік және болашаққа деген сенімділіктің символына айналды. Озаттар слёті – 2025 тек жетістіктер мерекесі ғана емес, сонымен қатар барлық оқушыларға арналған алға ұмтылуға, қиындықтарды еңсеруге және жаңа биіктерге жетуге жігер беретін үлкен мотивация болды.
