Текст
Мен Алматы қаласындағы «Бөбек» сауықтыру орталығында демалып қайттым. Бұл демалыс мен үшін өте қызықты әрі әсерлі өтті. «Бөбекте» әр күн қызықты бағдарламаларға толы болды: танымдық сабақтар, спорттық жарыстар, шығармашылық үйірмелер мен кешкі көңіл көтеру шаралары. Табиғаты өте әдемі, таза ауа, тамаша жағдай жасалған. Жаңа достар тауып, көп жаңалық білдім. Ұжым өте мейірімді, тәрбиешілер мен ұстаздар қамқор әрі көңілді. Бұл демалыс маған күш-қуат беріп, жаңа оқу жылына ерекше серпін сыйлады. Осындай мүмкіндік сыйлағаны үшін ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін!