18.06.2025
2025 жылғы 18 маусымда Атбасар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында FSM Social мобильдік қосымшасын пайдалану бойынша оқыту семинары өтті. Аталған оқытуға ауданның білім беру мекемелерінің директорлары, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушы педагогтар және әлеуметтік педагогтар қатысты. Оқыту барысында спикерлер мобильді қосымшаның негізгі функцияларымен таныстырып, оның мобильді топтардың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін артықшылықтарын түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.