20.06.2025
14-20 маусым аралығында Алматы қаласында LQANAT республикалық олимпиадасының финалы өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты еліміздің ауылдық жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларын, сондай-ақ ауыл оқушыларының ынтасын арттыру, зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады. Олимпиаданың көмегімен Қор Қазақстан және әлем университеттеріне грантқа түсуге үш жылдық тегін дайындық үшін ауыл оқушыларын іріктейді. Ақмола облысынан 41 оқушы қатысты, оның ішінде 2 оқушы Атбасар ауданынан. Мариновка а. № 2 ЖББМ оқушысы Мухара Нұрасыл грант иегері, Сепе а. ЖББМ оқушысы Кенесалы Денислам-жартылай грант. Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!