«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Саят Жаннур

25.06.2025

Атбасар қаласындағы №7 жалпы орта білім беретін мектептің озат оқушыларының бірі, «Алтын белгі» иегері – Саят Жаннұр Қанатқызы. Ол білім мен өнерді қатар алып жүрген, жан-жақты дамыған, өз ортасына үлгі боларлық дарынды жас. Жаннұрдың жетістіктері сан алуан. Ол Халықаралық “Jas Juldyzdar” шығармашылық фестиваль-байқауынан Бас жүлдені иеленіп, өз дарынын халықаралық деңгейде дәлелдеді. Сонымен қатар, аудандық “Ақберен” байқауында І орын иегері атанып, облыстық “Мұқағали Мақатаев оқуларында” жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Зияткерлік сайыстарда да жоғары нәтижелерге қол жеткізген Жаннұр “Кенгуру – математика барлығы үшін” интеллектуалдық ойын-конкурсында І дәрежелі дипломға ие болды. Сонымен қатар, облыстық Ілияс Есенберлин байқауының жүлдегері атанды. Жаннұр спорт саласында да белсенді. Аудандық үстел теннисі жарысында І орын иеленіп, жан-жақты тұлға екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сондай-ақ, “Менің жерім – менің елім” атты облыстық сырттай жас суретшілер байқауында ІІ орынға ие болды. Ол «Ақбота», «Пони», «Лингвист», «British Bulldog», «Эрудит» сияқты халықаралық және республикалық деңгейдегі зияткерлік конкурстардың бірнеше мәрте жүлдегері. Сонымен қатар, бірнеше жыл қатарынан «Тіл дарыны» байқауында, ғылыми жобалар байқауларында, жоба кейсін қорғау сайыстарында және «Көптілділік – табысқа апарар жол» атты шығармалар байқауында да жүлделі орындардың иегері. Саят Жаннұр – білімге құштар, шығармашылыққа жақын, талапшыл әрі ізденімпаз жас. Ол тек жетістіктерімен ғана емес, мәдениеттілігімен, кішіпейілділігімен, ұстаздары мен сыныптастарының құрметіне бөленіп жүрген тұлға. Жетістіктерге толы жарқын болашақ күтіп тұрғанына сөзсіз сенеміз.

Просмотров: 22


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст