Байбосинов Аңсар – білім мен спортты тең ұстаған, жан-жақты дамыған жас өрен. Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебінің «Алтын белгі» иегері – өз қатарластары арасында ерекше қабілетімен, табандылығымен және көшбасшылық қасиетімен дараланады. Аңсардың жетістіктер тізімі – оның жан-жақты қабілетін айғақтайды. Республикалық “Зерделі” математикалық олимпиадасының ІІІ орын иегері атанып, өзінің логикалық ойлау деңгейін дәлелдеді. Сонымен қатар, Ілияс Есенберлин атындағы көрініс байқауында Гран-при және І орынды иеленуі – оның шығармашылық қабілетінің жоғары екенін айқын көрсетеді. «Алтын түлек» математикалық олимпиадасында аудандық деңгейде ІІ орын, облыстық кезеңде ІІІ орын, Президенттік олимпиада мен «STEAM» білім беру хакатонында, сондай-ақ “Информатика” пәндік олимпиадасында көрсеткен нәтижелері – оның ғылымға деген қызығушылығы мен ізденімпаздығын көрсетеді. Білім жолындағы табыстарымен қатар, Аңсар – спортты серік еткен жас. Ол мектептің баскетбол командасының капитаны бола отырып, командасын бірнеше жеңістерге жетеледі. Футболдан облыстық мектеп лигасында ІІ және ІІІ орын иеленіп, “Үздік қорғаушы” атағын жеңіп алса, волейболдан өткен аудандық турнирлерде “Үздік ойыншы” деп танылды. Байбосинов Аңсар – болашағы жарқын, мақсаткер, жан-жақты оқушы. Ол – білім мен спортта қатар шыңдалып, өз мектебінің ғана емес, тұтас ауданның мақтанышына айналып үлгерген азамат. Оның табандылығы мен қажырлы еңбегі талай асуларды бағындыруға сеп болмақ.