Құрметті аудан және Атбасар қаласының тұрғындары!
2025 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін жаңа оқу жылының басталуына орайластырылған "Мектепке жол" атты республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты-әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушыларға оқу жылына дайындалуға көмек көрсету, оларды мектеп формасымен, кеңсе керек-жарақтарымен және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз ету. Акция сонымен қатар балаларды қолдау және қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударуға бағытталған.
Акцияға қатысуға барлық бей-жай қарамайтын азаматтар шақырылады: еріктілер, кәсіпкерлер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және басқалар.
Сіз мұқтаж балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсете аласыз, егер сізге көмек қажет болса, қолдау сұрай аласыз.
Акцияға қатысу немесе қосымша ақпарат алу үшін білім бөліміне мына телефон бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 87164325572
Балаларға жаңа оқу жылына сенімді және қуанышпен кіруге көмектесейік!
Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі, "Мектепке жол"акциясы.