2025 жылғы 21 тамызда Көкшетау қаласында Жоғары техникалық колледж аясында «Адал Азамат. Біртұтас тәрбие бағдарламасы – құндылыққа негізделген тәрбие жүйесі» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық тамыз кеңесі өтті.
Кеңес жұмысына білім бөлімі әдіскері Қадырова М.А., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Ионина Ю.А.(Атбасар қ.№3 ЖОББМ), Пинчук Е.В.(Атбасар қ.№2 ЖОББМ) Попович Т.С. (Садовый а.НОМ) қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша мынадай ұсынымдар берілді:
2025–2026 оқу жылынан бастап орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын бірыңғай «Адал азамат» бағдарламасы негізінде жүргізу;
құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Отбасы – мектеп – мемлекет» жүйесіндегі өзара іс-қимылды күшейту;
мүдделі органдар қызметкерлерімен бірлескен жұмыстың үйлестіруін жолға қою.