22.09.2025
2025 жылғы 22 қыркүйекте Атбасар ауданының білім беру бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина аудандық білім беру мекемелерінің басшыларымен ББК кеңес өткізді. Мынадай мәселелер қаралды:
Мектептерде оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, сабақтың сапасын бақылау парақтарын жасау жөнінде ұсыныстар берілді. (Нұрмағамбетова Қ.Қ.).
«Баланың қауіпсіздігі - қоғамның басымдығы» тақырыбы бойынша сыныптардың педагогикалық ұжымдарымен және ата-аналармен жиналыстар өткізу туралы, «Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік» тақырыбы бойынша сынып сағаттарын, қауіпсіздік сабақтарын өткізу туралы, Еңбек күніне арналған «Еңбек-елдің берекесі» сынып сағатын өткізу туралы. Мұғалімдер күнін, бірінші сынып оқушылары күнін, Қарттар күнін өткізу туралы (Жанахметова Д.Т.)
Аудандық спорт жарыстарына қатысатын мектептердегі спорт үйірмелері мен секцияларына баратын оқушылардың медициналық тексеруден өтуі туралы. (Здоровец О.Н.)
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету туралы (Лобанова В.Г.)
Білім бөлімінің басшысы тапсырмалар беріп, оларды орындау мерзімдерін көрсетті.