Атбасар ауданында бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары басталды. Курс тренері - "Өрлеу "Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы" АҚ Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институты " АҚ кафедра меңгерушісі, магистрі Сағындықова Гүлдана Мырзабекқызы. 25 бастауыш сынып мұғалімдері таным шекараларын кеңейтеді, цифрлық кеңістікте жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алады. Бұл кәсіби өсу мен өзін-өзі жетілдіру жолдарын ашады.
Теориялық тақырыптар қол жетімді, қызықты түрде ұсынылған. Оқытушының жоғары кәсіби деңгейі оқытудың заманауи тәсілдерін түсінуге көмектеседі.
Курстар барысында тыңдаушылар алдына қойылған мақсаттарды жүзеге асырып қана қоймай, әрі қарай кәсіби өсуінің жаңа мақсаттарын қояды. Курстар өз мазмұнымен, жаңашылдығымен, жұмыс түрімен ұнады, үлкен қуат алуға, мемлекеттік стандартты іске асыруға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Тыңдаушылар сабақтарды ұйымдастырудың жоғары деңгейін, мейірімді жағдайды, сондай-ақ лектордың бізді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беруге дайындығын атап өтті.
Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі "Өрлеу "Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ директоры Ж.К. Байгариноваға курстарды осындай жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді. Г.Сағындықоваға сезімталдығы, ізгі ниеті және орасан зор кәсібилігі, сабақ барысында жасалған психологиялық жайлылығы үшін алғыс білдіреміз. Тәжірибе мен теорияның атмосферасы құрылды, бұл мұғалімдердің жұмысының сапасы мен тиімділігіне оң әсер етеді.