24.11.2025
2025 жылдың 24-28 қараша аралығында Атбасар ауданының білім беру мекемелерінде «Буллинг пен кибербуллингке жол жоқ! Құрмет және қауіпсіздік аумағы» тақырыбы бойынша «Құрметті таңда-қаупсіздік құр» ұранымен психология апталығы өтеді.
Психология апталығының мақсаты оқушыларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, буллинг пен кибербуллингтің салдарын сезіну, Интернет желісінде қауіпсіз және ізгі ниетті орта құру болып табылады.
Психология апталығын өткізу кезінде акция аптасының ашылуы мен жабылуы, бейне көрмелердің фотосуреттері, шолулар, ойындар, квесттер, викториналар, сандық қауіпсіздік сабақтары, пікірталас клубтары және т.б. іс-шаралар өткізіледі.
Өткізілетін іс-шаралар білім беру процесіне қатысушылардың буллинг және кибербуллинг проблемасы, олардың нысандары, себептері мен салдары туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталатын болады; мектеп ортасында агрессия, зорлық-зомбылық, зорлық-зомбылық көріністерінің алдын алу; балалар мен жасөспірімдерді Интернет желісінде қауіпсіз және жауапты мінез-құлық қағидаларын, кибербуллингтен қорғау тәсілдерін үйренуге; білім беру мекемелерінде сенім мен өзара көмек ахуалын жасау үшін педагогикалық ұжымның, ата-аналар мен оқушылардың күш-жігерін біріктіру.