«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларының ассоциациясының отырысы.

06.01.2026
Аудандық тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларының ассоциациясының отырысы.
6 қаңтарда КММ «№4 жалпы білім беретін мектепте» аудандық тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларының ассоциациясының отырысы өтті. Отырыстың модераторы Жанахметова Д.Т. қатысушыларды жаңа 2026 жылмен құттықтап, өткен іс-шаралардың қорытындыларын шығарып, барлық қатысушыларға тәрбиелік процесте шығармашылық табыс пен жетістіктер тіледі. «Буллинг пен конфликттік жағдайлардың алдын алу жүйесін әзірлеу» тақырыбында авторлық жұмысымен Полтавка кентіндегі мектептің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Ермошина Н.А. таныстырды. «Отбасы және мектеп: бір бағытта жұмыс істеу» тақырыбында Мариновка №2 мектептің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Тюлегенова Г.К. баяндама жасады. Ол ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысының оқушының дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. «Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасында цифрлық технологияларды қолдану жайлы №5 мектептің директор орынбасары Даненова Л.Р. ақпарат берді. Ол оқушылардың азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруда заманауи құралдарды пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Отырыстың барысында аудан мектептерінде тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар беріліп, өзекті мәселелер талқыланды және болашақтағы жұмыс бағыттары белгіленді.
 
Просмотров: 506


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст