«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазіргі әлемдегі жас педагог

27.01.2026
Атбасар қаласы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде Жұмабаева Әсемгүл Қалитайқызы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, тәлімгер болып жұмыс істейді. Тәлімгер болу- тек тәртіп қадағалау емес, әр баланың жүрегіне жол таба білу.
Мұғалімнің  мақсатым: әр баланың бойындағы қабілетті байқап,  оны ашуға көмектесу, адамгершілікке, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа,өзара сыйластыққа, мейірімді болуға тәрбилеу. Басты ұстанымым- әр бала өзін маңызды сезінетін орта қалыптастыру, баланың қауіпсіздігі, дамуы және өзін еркін сезінуі. Әсемгүл Қалитайқызы балаларға үлгі бола отырып, ұйымшылдыққа, достыққа, өзара құрметке тәрбиелеуді мақсат етеді. Тәлімгер – балалардың сенімді серігі.
Қазіргі таңда балалармен жұмыс істеу үлкен жауапкершілік пен жан-жақты дайындықты талап етеді. Осы орайда тәлімгердің рөлі ерекше. Тәлімгер – тек ұйымдастырушы ғана емес, сонымен қатар тәрбиеші, кеңесші және балалардың сенімді досы.
Тәлімгер ретінде атқарылған жұмыстардың басты мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұжымда жұмыс істей білуге, жауапкершілік пен өзара сыйластыққа тәрбиелеу болды. Осы мақсатта түрлі тәрбиелік, мәдени-танымдық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Балалармен бірге ойын-сауық бағдарламалары, танымдық тренингтер, тақырыптық күндер, эстафеталар мен шығармашылық байқаулар өткізілді. Әрбір іс-шара балалардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарына сай жоспарланып, қауіпсіздік талаптары қатаң сақталды. Нәтижесінде балалар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізуге, көшбасшылық қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар тәлімгер ретінде балалардың тәртібіне, бір-бірімен қарым-қатынасына және эмоционалдық жағдайына ерекше көңіл бөлінеді. Ұжымда достық атмосфера қалыптастыру, қиын жағдайда қолдау көрсету – атқарылған жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болды.
Қорытындылай келе, тәлімгерлік қызмет – үлкен еңбек пен шынайы жанашырлықты қажет ететін маңызды жұмыс. Балалардың жүзіндегі күлкі мен алғысы – осы еңбектің ең үлкен нәтижесі. Алдағы уақытта да жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы бұл жұмыстар өз жалғасын табады деп мұғалім сенеді.
  Тәлімгерлік қызмет барысында волонтерлік пен қайырымдылық жұмыстарына да ерекше мән берілді. Балаларға мейірімділік, жанашырлық, өзгенің жағдайына бейжай қарамау сияқты адамгершілік құндылықтарды сіңіру мақсатында бірқатар игі бастамалар жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету, тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүргізу, «Жақсылық жасау – парыз» тақырыбында акциялар ұйымдастырылды. Балалар бұл шараларға белсене қатысып, өз еріктерімен көмек көрсетуге дайын екендерін көрсетті. Волонтерлік іс-шаралар барысында оқушылардың жауапкершілік сезімі артып, қоғамға пайдалы болудың маңызын терең түсіне бастады.
Қайырымдылық бағытында өткізілген іс-шаралар балалардың рухани дамуына оң әсерін тигізіп, ұжым ішінде ынтымақ пен бірлікті нығайтты. Әрбір игі іс – баланың жүрегінде мейірім мен ізгіліктің қалыптасуына жол ашты. Осындай жұмыстар арқылы балалар тек белсенді демалып қана қоймай, өмірлік маңызды құндылықтарды бойларына сіңірді.
Волонтерлік пен қайырымдылық – жас ұрпақты азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеудің тиімді жолы. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын тауып, қоғамға пайдасын тигізетін саналы жастарды қалыптастыруға ықпал етеді.
Жұмабаева Әсемгүл Қалитайқызы мектептің қоғамдық және кәсіподақ өмірінде бастама көтереді, оның жаңа идеяларымен жобалар енгізіледі, семинарлар мен шеберлік сыныптары өтеді. Жас мұғалімге кәсіби өсу мен шабыт тілейміз.
Атбасар ауданы кәсіподақ филиалы
Просмотров: 12


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст