27.01.2026
Жас маман-жаңа идея
Дюсембекова Фарида Амангельдиевна — кәсіби білімі бар жас логопед-маман. 2025 жылы логопед мамандығы бойынша жоғары білімін аяқтап, қазіргі таңда кәсіби қызметімен қатар дефектология мамандығы бойынша жоғары білімін жалғастыруда. 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде логопед қызметін атқарып келеді.
Мектепке жұмысқа қабылданған кезден бастап балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге бағытталған. Балаларды қолдау кабинеті ашылып, оның жұмысы жүйелі түрде жолға қойылды. Кабинет аясында сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды ерте анықтау, түзету және алдын алу бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Өз қызметінде заманауи түзету-дамыту әдістемелерін, ойын технологияларын және жеке-дара тәсілді тиімді қолданады. Әрбір баланың даму ерекшелігін ескере отырып, кешенді логопедиялық көмек көрсетуді басты қағида ретінде ұстанады.
Ол тек өз ісінің маманы ғана емес, сонымен қатар барлық кәсіподақ іс-шараларының белсенді қатысушысы. Мектеп өмірінде бастама көтереді: жаңа идеялармен семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізуге қосылады.
Фарида Амангельдиевна кәсіби өсуге бағытталған, жауапкершілігі жоғары маман ретінде білімін үздіксіз жетілдіруге, тәжірибесін тереңдетуге және инклюзивті білім беру жүйесінде білікті дефектолог-логопед ретінде қалыптасуға ұмтылады.
Атбасар ауданы кәсіподақ филиалы