27.04.2026
27–30 сәуір аралығында ауданымызда Жас педагогтар апталығы өтуде


Бұл маңызды шара жас мамандарды қолдауға, олардың кәсіби әлеуетін дамытуға және педагогикалық қызметке сәтті бейімделуіне бағытталған.
Апталық аясында:

ашық сабақтар мен шеберлік сыныптары

әдістемелік кездесулер және тәжірибе алмасу

тренингтер мен консультациялар

тәлімгерлік қолдау ұйымдастырылады
Жас педагогтар – білім беру саласының болашағы. Олар білім беру үдерісіне жаңа идеялар мен заманауи тәсілдерді енгізіп, серпін береді.
Барлық қатысушыларға табысты жұмыс, шығармашылық шабыт және кәсіби өсу тілейміз!

