24.09.2021
2021 жылдың қыркүйек айының басында аудан мектептерінің әлеуметтік педагогтарының жұмыс жоспарына сәйкес әлеуметтік педагогтармен мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ата-аналарға тегін және жеңілдікпен тамақтану бойынша кеңес беріледі.
Бұл мемлекеттік қызмет жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына көрсетіледі. Отбасыларға беріледі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамдарға;
ТЖ салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж немесе білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын;
жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен;
отбасында тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін.
Осы санаттағы отбасылар электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен Egov порталы арқылы тамақтануға өтініш бере алады. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері ата-аналарға аталған мемлекеттік қызметті ресімдеуге көмек көрсетеді.
Қыркүйек айының соңына дейін жаңа оқу жылына тізім жасалады. Мектептегі бірінші сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ алуға мүмкіндік беріледі.
Бракираж комиссиясының құрамына кіретін әлеуметтік педагогтер мектеп асханаларындағы тамақтану сапасына мониторинг жүргізеді.