06.10.2021
2021 жылғы 6 қазанда ZOOM платформасында Атбасар ауданының педагог – психологтарына арналған "Оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, олардың арасында зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу" тақырыбында семинар өтті. Суицидтің алдын алу бойынша сауалнама жүргізу бойынша іс-қимыл алгоритмі.
Семинар барысында суицидтік мінез-құлық кезеңдері, суицидтік мінез-құлықты болжау, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасына қатысушылардың өзара іс-қимылы, психологтың суицидтік мінез-құлықты көрсететін адаммен жұмыс істеуге дайындығы қаралды.
Сауалнама жүргізу мәселесі бойынша педагог – психологтың кезең-кезеңмен іс-қимылы қаралды. Тәуекел тобын анықтау, ЖПД-ға қайта жіберу бойынша құжаттаманы жүргізу.
Е.В. Завьялова