19.10.2021
Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептері арасында "Мектеп лигасын" өткізу туралы Ереже негізінде 2021 жылғы 13-16 қазан аралығында Зеренді ауданы, Зеренді кенті базасында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып командалары (жасөспірімдер) арасында футболдан облыстық финалдық кезең өтті. Жарыстың финалдық кезеңіне аймақтық біріншілікте бірінші және екінші орын алған командалар қатысты. Атбасар ауданының құрамасын №7 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының командасы ұсынды. Жарыстың үш күнінің нәтижесі бойынша №7 жалпы білім беру мектебінің командасы финалға шығып, тең және табанды күресте II орынды иеленді.
2021 жылдың 18 қазанында Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталий Георгиевнаның №7 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының командасымен кездесуі өтті және салтанатты марапаттау өткізілді.