Текст
2021 жылғы 22 қазанда Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Қазақ халқының отбасылық құндылықтары мен әдет – ғұрыптары» атты үздік эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтті, онда Атбасар қаласының №8 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары - Азатова Альбина (жет. Тоқтыбаева Г.Р.) және Есенбек Мадина (жет. Қазымбек И. Қ.) 1 орын алды. Конкурстық комиссия Ақмола облысы оқушыларының 360 жұмысын қарады. Байқау Ақмола облысы әкімдігінің, білім басқармасының, мәдениет және ішкі саясат басқармасының қолдауымен облыстың Әділет департаментімен өткізілді. Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Құттықтаймыз!!!