Текст
7 желтоқсан күні Дарын желісімен 5-6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық туры өтті. Олимпиадаға Атбасар ауданы мектептерінің 15 оқушысы қатысып, аудандық турда 1 орын алды. Оқушылар математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, тарих, жаратылыстану пәндері бойынша тапсырмаларды орындады. Олимпиада нұсқаулықтардың барлық нормаларын сақтай отырып, бір сағат ішінде өтті. Олимпиада аяқталғаннан кейін оқушылардың жауап парақтары сканерленіп, облысқа жіберілді.