Текст
7 желтоқсанда Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық балалар-жасөспірімдер өлкетану және экология орталығының директоры Арман Ғалымтайұлы Умірзақовтың арқасында аз қамтылған, жетім,қамқорлықтағы,дарынды мүгедектердің санатындағы 116 бала Отанымыздың елордасы Нұр - сұлтан қаласына тегін экскурсиямен аттанды. Көкшетау қаласының "Круиз" туристік фирмасы оқушыларды жайлы автобустармен елорданың көрікті жерлеріне апарып, тамақтандыру ұйымдастырды. Атбасар ауданының білім бөлімі "Рухани жаңғыру" республикалық бағдарламасы аясында мемлекет тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында елордаға келуге мүмкіндік бергені үшін үлкен алғыс білдіреді.