14.12.2021
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстанның білім беру жүйесінде прогрессивті құрылымдық және функционалдық өзгерістер болды. Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық білім беру жүйесі жедел жаңғырту стратегиясының табысқа жетуіне бағытталды. Бірақ білім берудегі кез келген жаңалық, өзгерістер көп жағдайда мұғалімнің құзіреттілігіне, оның маман ретінде шыңдалуға ұмтылуына, оқытуда жаңа технологиялар мен әдістерді қолдана білуіне байланысты. Шәкірттеріміздің жетістіктеріне қуанып, олардың ұстаздары туралы мақтанышпен айтамыз.
Бүгін, 2021 жылдың 13 желтоқсанында Атбасар ауданының білім бөлімінде мұғалімдерді, тәрбиешілерді, мектеп, балабақша және қосымша білім беру қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі, кәсіби шеберлігі және жұмыста қол жеткізген нәтижелері үшін аудандық білім беру жүйесінің үздік мұғалімдері мен қызметкерлеріне Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Н. Б.Жүсіпов пен «Нұр Отан» партиясы Атбасар аудандық филиалының төрағасы А.Қалжанов, білім бөлімінің басшысы Н.Наймушина грамота және алғыс хаттар мен табыс етті.