«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Компания Bilim Media Group

07.02.2019

Bilim Media Group компаниясы Қазақстанда тұңғыш рет мектеп оқушыларына арналған республикалық «iTest: Үздік нәтиже» әлеуметтік-білім беру байқауын жариялайды. Мектептің 9, 10, 11-сынып оқушылары байқау арқылы ҰБТ-ға тегін дайындалып, білім грантын ұтып алуға бірегей мүмкіндік алады.

Байқаудың басты мақсаты – «Цифрлық Қазақстан», «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламалары аясында оқушылардың білім деңгейін көтеруге септігін тигізу, пайдалы ресурс арқылы ҰБТ-ға дайындалып, сәтті тапсыруға ынталандыру.

Аталған сайыста ҚР азаматы болып табылатын 9, 10, 11-сынып оқушылары және орта білім беретін арнайы мекемелерінің 1-курс студенттері қатыса алады.

Қатысушылар үшін бас жүлде – Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) ұсынған 10 оқу гранты. Одан бөлек, байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен ТОП-50 қатысушы бағалы сыйлықтарға ие болады.

Аталған сайыс www.itest.kz платформасында онлайн форматта өтеді.

«iTest: Үздік нәтиже» байқауы 2019 жылдың 1 ақпанынан 20 маусымына дейін жалғасады. Байқау жайлы толық ақпаратты www.itest.kz сайтынан біле аласыздар.

Просмотров: 1025


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст